Қант қызылшасын жинаудан рекорд тіркелді

Қант қызылшасын жинаудан рекорд тіркелді

Қант қызылшасын жинаудан рекорд тіркелді
ашық дереккөзі
1297
Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау науқанының нәтижесінде 5500 гектар алқаптан 173 мың 748 тонна тәтті түбір жиналды. Бұл  өткен жылғы нәтижеден 7168 тоннаға артық көрсеткіш. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылық басқармасы хабарлады.  Облыс диқаншылары биыл заманауи ауылшаруашылығы техникаларын пайдалану және жоғары сұрыпты тұқым себудің нәтижесінде қант қызылшасының әр гектарынан алынған орташа өнім 316 центнерді құрап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілген. Бір ғана Тараз қаласының шаруалары небәрі 20 гектар қант қызылшасының әр гектарынан 634,6 центнерге дейін өнім алған. Сондай-ақ алынған өнім көлемі Меркі ауданында 367,0, Байзақ ауданында 315,0, Шу ауданында 301, Қордай ауданында 283,0, Жамбыл ауданында 252,0 және Талас ауданында 250 центнерді құраған. «Бүгінгі таңда қант зауыттарына 135 564,1 тонна қант қызылшасы өткізілген. Сонымен қатар 17 мың тонна қант өндіру жоспарланған. Мәселен, ағымдағы жылы Жамбыл облысында 5,6 мың гектар алқапқа қант қызылшасы отырғызылса, оның 105 гектары, яғни Жуалы ауданында 60 гектар, Т.Рысқұлов ауданында 45 гектар алқап жарамсыздыққа ұшыраған болатын»,-делінген облыстық ауыл шаруашылық басқармасының хабарламасында. Қазіргі таңда өңірде қант өндірісін дамыту үшін жылдық қуаттылығы 148 мың тоннаны құрайтын, құны 85 миллиард теңге болатын заманауи қант зауытының құрылысы жүргізілуде. Ірі жобаны «Qyzylsha» ЖШС-мен жүзеге асыруда.  

Серіктес жаңалықтары