Екі адам дәріден уланған

Екі адам дәріден уланған

Екі адам дәріден уланған
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы белгісіз бір дәріден уланғандардың қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады. Дәрігерлер 1957 және 1987 жылы туған науқастардың жағдайы ауыр деп отыр. Мекеменің деректеріне сүйенсек, басы айналып, жүрегі айнып, қан қысымы көтерілген екі азамат та ауруханаға жедел-жәрдем көлігімен жеткізілген. Оларға дереу улануға қарсы емдеу шараларын қолданып, зертханалық зерттеулер жүргізілген. Мекеме мәлімдемесінде «Науқастарға өте ауыр дәрежедегі тыныс жолымен улану диагнозы қойылған. Олар қазір жансақтау бөлімінде. Жағдайлары ауыр. Емдеу шараларын толық мөлшерде орындап жатырмыз» делінген. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бір отбасының белгісіз дәріден уланып қалғаны жайлы жазған болтынбыз.