Қазақстан Республикасында өзіңізбен аттас қанша азамат бар екенін білесіз бе?
Мұндай мәлімет сізге қызықты болса, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайтындағы "Мен сияқты неше бар?" бөлімінен (сілтеме: https://stat.gov.kz/instuments/likeme/) қажетті ақпар ала аласыз.
Бұл тестің нәтижесінде өзіңізбен аттас неше адам бар екенін, оның ішінде (қанша ер немесе әйел) және сіздің есіміңіз қандай ұлт өкілдерінде кездесетінін анықтай аласыз.