444
Желтоқсан айы боранды болмақ
Желтоқсан айы боранды болмақ

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашынды, солтүстік, шығыс және оңтүстіктің кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады.
Тек еліміздің батысында ғана антициклонның ықпалымен күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде – тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында 30 м/с және одан аса өтте қатты жел күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Кей жерлерінде 30 м/с және одан аса күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, коктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.