Ақпаратқа қарағанда, 26 қарашада Әндіжандағы туристік фирмалардың бірі Жиддаға өзбекстандық 14 азаматтың визасын жіберген. Олардың бәрі қолдан жасалғаны анықталған.
Саудия шекара қызметі мәлімдегендей, зиярат етушілердің визалары жоққа шығарылып, азаматтар мекеніне депортацияланды.
Өзбекстанның Дін істері бойынша комитеті Жиддадағы бас консулдық және "Өзбек авиалинияларының" өкілдері жағдайды реттеу үшін тиісті шараларды қолданатынын мәлімдеген. 27 қарашада 14 азамат Жидда-Ташкент рейсі арқылы Өзбекстанға оралған.
323
Қажылыққа барған 14 өзбекстандық Сауд Арабиясынан қуылды
Қажылыққа барған 14 өзбекстандық Сауд Арабиясынан қуылды
Сауд Арабиясы кіші қажылық үшін барған өзбекстандық 14 азаматты еліне депортациялады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.