3 Желтоқсан, 08:22 332 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

SIM-карта сатып алушылардың бет-әлпеті сканерден өткізіледі

Қытайда жаңа SIM-карталарды сатып алушыларды міндетті түрде сканерлеуге қатысты талап күшіне енді. Бұл туралы «РИА новости»  хабарлады.

ҚХР Индустрия және ақпарат министрлігі мұндай шара киберқылмыс пен телекоммуникациялық алаяқтықпен күресуге көмектеседі деп санайды.

Қытайда SIM-картаны сатып алушыға жеке куәлік беру керек екені бірнеше жылдан бері бар. Сонымен қатар, SIM картасын сатып алғысы келетіндердің барлығы суретке түседі. Енді жоғарыда айтылғандардың бәріне жаңа міндет қосылды.

ҚХР билігі ұялы байланыс операторларынан SIM-карталардың үшінші тұлғаларға сатылуына жол бермеуін талап етеді. Ендігіде әрбір оператор абонентке өзінің SIM картасын қайта сатпау үшін тиімді тәсілмен жеткізуге міндетті.

Соңғы жаңалықтар