Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңадан медициналық факультет ашты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңадан медициналық факультет ашты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңадан медициналық факультет ашты
ашық дереккөзі
888
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі (ҚДСМ) – медициналық факультеті ашылды. Мұнда бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура – білім берудің барлық деңгейдегі медициналық кадрларды дайындау бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай және соңғы ғылыми жетістіктерге негізделіп жүзеге асады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және оны жақсарту мақсатында жаңа бағдарламалар дайындау, оны жүзеге асыру және ары қарай дамытумен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдері, түрлі бағыттағы мамандар мен ұйымдарға қосымша кәсіби білім беру де қарастырылған. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары (ҚДСМ) мектебі ҚазҰУ-дағы он бесінші факультет. Медициналық бағытты дамытуда Азиядағы және әлемдегі жетекші жоғары оқу орындары болып саналатын әрі Оңтүстік Кореядағы үздік үштікке кіретін Сеул университеті мен Иёнсе университеті ҚазҰУ-дың бас серіктестері. Әлем бойынша Оңтүстік Корея денсаулық сақтау саласында алдыңғы қатарда болғандықтан ҚДСМ-нің білім беру бағдарламалары осы елдің тәжірибесіне сүйеніп жасалып отыр. Университеттер арасында жасал­ған халықаралық келісім негізінде корей ғалымдары медициналық кадр­лар дайындау бағдарламасына бел­сенді атсалыспақ. 2015 жыл­дың желтоқсан айында ректор Ғ.Мұта­новтың басшылығымен ҚазҰУ делегациясы Оңтүстік Кореяға жасаған сапарында Корей уни­верси­теттерінің президенттері ниет­те­рін растаған болатын. Шетелдік ғалым­дар денсаулық сақтау саласында инно­вациялық және заманауи техно­ло­гияларды пайдалану және меди­циналық басқару жүйесіне байла­ныс­ты дәрістер оқып, шеберлік сынып­тарын өткізетін болады. Қазақ­с­тандық оқытушылар мен студент­тер шетелдік медициналық кафед­ра­лар мен зертханалар негізінде білік­т­і­ліктерін арттыруға, ғылыми тағылым­дама мен тәжірибеден өтуге мүмкін­дік алады. Халықаралық әріп­тестік негізінде ҚазҰУ Оңтүстік Корея университеттерінде магис­тра­тура және докторантура болашақ мамандарын оқытуды және қоғамдық денсаулық сақтаудың, медицина дамуының өзекті мәселелеріне байланысты бірлескен ғылыми зерттеу жобаларын жасауды бастап кетті. ҚазҰУ мен корей универ­си­тет­тері арасын­дағы әріптестік Қазақс­­танда әлемдік жоғары стандарт­тарға негізделген медицина қызмет­керлерін дайын­даудың жаңа бағытын айқын­дады. Ол клиникалық және академиялық ұйымдардың бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде үздік халықаралық тәжірибені іске асыру арқылы ең жоғары әлемдік стан­дарт­тарға қол жеткізуге бағытталған. Қазіргі таңда ҚазҰУ негізінде медициналық-биологиялық кластер құрылуда және биомедицина саласында сұранысқа ие мамандықтар оқытылуда. ҚазҰУ Оңтүстік Кореялық Иёнсе университетінің «Кангнам Северанс» клиникасымен бірлесе отырып университеттің диагностикалық орталығын премиум сатысына көтеру мақсатында жұмыстар атқаруда. Жоғарыда аталған шетелдік клини­када ҚазҰУ-дың 18 маманы арнайы бағдарламамен білім алды. Диагностикалық орталық Siemens, General Electric, Samsung сияқты жетекші өндірушілердің соңғы медициналық жабдықтарымен жабдықталған. «Кангнам Северанс» клиникасы жетекші мамандарының қатысуымен телемедицина техноло­гия­сын пайдалану арқылы науқастарға қашықтықтан кеңес беру мен диагноз анықтау жүйесі енгізілді. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 500 орынға шақталған медициналық клиника ашу жоспарда бар.

Жәнібек ҒАЛЫМ

Серіктес жаңалықтары