ҚР Қарулы Күштерінде жаңа басқарма құрылды

ҚР Қарулы Күштерінде жаңа басқарма құрылды

ҚР Қарулы Күштерінде жаңа басқарма құрылды
ашық дереккөзі
381

ҚР Қарулы Күштерінде гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ететін басқарма құрылды. Енді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету Қарулы күштеріндегі жедел ақпараттандырудың бір түрі болмақ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гидрометеорологиялық деректер әскери техниканы тиімді қолдану, әртүрлі іс-шараларды орындау кезінде ауа райы жағдайын білім отыру мақсатында қажет. Еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту мәселелері жаңа технологияларды енгізумен тікелей байланысты. Гидрометеоролог әскери  қызметшілер Қарулы күштері гидрометеорологиялық бөлімшелерінің  жасақталуын бақылап, метеорологиялық мәліметтерді жинақтайды. Сол қолға түскен деректерді талдап, оны әскерлерге тарату да солардың міндетіне енеді. Авиациялық оқиғаларды, теңізде жүзу және кеме қатынасының қақтығыстары мен қауіпсіздігін тергеп-тексеру жұмыстарына да қатысады.  Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  гидрометеорологиялық бөлімшелерінде ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізіп отырады.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сүйенсек, оқшаулы соғыс пен қарулы жанжалдардың талдауы жоғары дәлдіктегі қару мен орағытылған жауынгерлік іс-қимылдар дәуірінде қару-жарақ пен әскери техника үздіксіз жетілдіріліп тұратынын көрсеткен. Бірақ оларды қолданудың тиімділігі  гидрометеорологиялық жағдайларға тәуелді болып келеді. Сол себепті де, мұнда әскерлерді  гидрометеорологиялық қамтамасыз ету мәселелерінің  маңыздылығы артуда.

Серіктес жаңалықтары