«Junior Eurovision-2019»: Ержан Максим екінші орыннан көрінді

Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында Қазақстанның намысын жоғары деңгейде қорғаған Ержан Максим екінші орыннан көрінді. 

Қазылардың берген бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орын алды. Ал онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша қазақстандық әнші жалпы 227 ұпаймен екінші орын болды. Байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған Польша өкілі Вики Габор жеңіп алды.

 

Back to top button