Аязда баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысынан айрылды

Аязда баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысынан айрылды

Аязда баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысынан айрылды
ашық дереккөзі
302
Елорда мен Қосшы елді мекені арасында қатынайтын автобустың жүргізушісі аязды күні баланы түсіріп кеткені үшін жұмыстан қуылды. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваға сілтеме жасап  Sputnik Қазақстан хабарлады.  "Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша №1 автобус паркінің басшысы Н.С. Пулатовқа қатаң сөгіс жарияланды. Аязды күндері кәмелетке толмаған баланы тастап кеткен қала маңына қатынайтын бағдардағы автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды", - деп жазды ол facebook-тегі парақшасында. Барлық автобус паркінің жүргізушілеріне осындай жағдайлардың алдын алу тапсырылды, қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау күшейтілді. Естеріңізге сала кетейік, бірқатар БАҚ елорда түбіндегі Қосшы елді мекенінен Нұр-Сұлтанға бет алған автобустың жүргізушісі мүгедек студентті аязда қалдырып кеткенін жазған болатын. Жасөспірім қалада тіркеуде болғандықтан, II топтағы мүгедектің куәлігі қала маңындағы бағдарларға тегін жол жүруге жарамсыз болып шыққан. Жүргізуші жасөспірімнің соңғы 100 теңгесін алып, оны аялдамада тастап кетіпті. Әміржан отбасымен қала сыртында тұратындықтан, Қосшы – Нұр-Сұлтан бағдарындағы автобустармен тұрақты қатынап жүрген, алайда бұған дейін жүргізушілер бірде-бір рет жолақы сұрамаған. "Жүргізуші 100 теңгесін алып, 25 градус аязда автобустан түсіріп кеткен! Інім жолдың арғы бетіне өтіп, үйге "билетсіз" жеткен. Ақша алып, қайтадан оқуына кетті", - дейді баланың әпкесі Жәмиля Елеусізова. "Астана ЛРТ" компаниясы елордалық мәслихаттың шешімімен қала маңына жеңілдікпен жүруге шектеу енгізілгенін хабарлады. Енді қаламаңы бағдарлары үшін Аймақ арнайы көлік картасы болуы керек екен.  

Серіктес жаңалықтары