356
Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды
Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды
Қостанайда қоқыс контейнерінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 23 қарашада «102» пультіне Әуежай шағынауданындағы контейнерлердің бірінде жаңа туған нәрестенің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Оқиға орнына мүдделі қызметтер мен полиция департаментінің басшылығы шықты. Бала өлі табылды. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баланың анасын, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары басталды. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлерге барып, сауалнама алады, куәгерлер іздестіріледі», - дейді полициядан.
Сәби өлімінің себебі мен уақыты тағайындалған сот-медициналық сараптама кезінде анықталатын болады.
Іздестіру жұмыстарына кинологтар да тартылды. Бұл дерек Полиция департаменті мен облыс прокуратурасы басшылығының бақылауына алынды.