Елордаға Ули Маурер келді

Елордаға Ули Маурер келді

Елордаға Ули Маурер келді
ашық дереккөзі
300
Елімізге ресми сапармен Швейцария президенті Ули Маурер келді.  Қасым-Жомарт Тоқаетың арнайы шақыруымен келген мәртебелі мейманды Ақордада құрметті қарауыл сап түзеп қарсы алды. Салтанатты рәсім барысында ұлттық ұлан оркестрі Қазақстан мен Швейцарияның әнұрандарын орындады. Салтанатты рәсімнен кейін шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өтеді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салаларда екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылайды. Содан соң, екі ел президенттері бірлескен мәлімдеме жасайды деп күтілуде. Сондай-ақ, Маурер Қазақстан үкіметінің басшылығымен де кездеседі. Екі елдің іскерлік топтары қатысатын дөңгелек үстелде сөз сөйлейді.    

Серіктес жаңалықтары