22 Қараша, 11:32 303 0 Руханият Анар ЛЕПЕСОВА

«Рухани жаңғыру»: Келер жылы «Ерекше адамдар» жобасы басталады

2020 жылы «Рухани жаңғыру» Қазақстан қоғамдық даму институты бастамасымен «Ерекше адамдар» жобасы басталмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нүрия Кубенова жерлестерін жобаға белсенді қатысуға шақырады.

«Жобаға өзінің қызмет саласына қарамастан кез-келген азамат қатыса алады. Біз ұлттық мәдениетті, әдебиетті, өнерді, қолөнерді, халықтың салт-дәстүрін насихаттайтын адамдар туралы оқиғалармен таныс болуға қуаныштымыз, - дейді Нүрия Кубенова.

Қатысушылардың жас ерекшелігі бойынша шектеу жоқ. Ruh.kz республикалық порталында, өмірі қызықтырған, кішкентай, тіпті, үлкен сенсация жасаған кейіпкерлер туралы материалдар жарияланатын болады. «Ерекше адамдар» айдарына қойылатын талаптар жоғарыда айтылған құндылықтарды дәріптейтін, Отаны үшін қызмет етіп жүрген адам болуы қажет. Сондай-ақ, өзінің ерекшелігін толық сипаттайтын нақты материалдар жіберілуі керек.

Ақпараттың ішінде тұлғаның толық аты-жөні, туған жері мен мекенжайы, ерекшелігі көрсетіледі. Материал TimesNewRoman шрифтіндегі 14-өлшеммен жазылып, фотосуреттер JPEG форматында (20 данадан кем емес) берілуі тиіс. Бұл айдарды Ruh.kz порталында жариялау мерзімі қосымша хабарланады.

Айта кетерлігі, порталда үміткердің бірегейлігін тиісті түрде сипаттамайтын немесе талаптарға сәйкес келмейтін материалдар жарияланбайды. Қатысушылар өздері туралы немесе басқа адамдар туралы жиналған материалдарды жоба офисінің project_office_pvl@mail.ru электронды поштасына «Ерекше адам» тақырыбын жазып жібере алады.

 

Соңғы жаңалықтар