Елорда 2025 жылы газбен толық қамтылады

Елорда 2025 жылы газбен толық қамтылады

Елорда 2025 жылы газбен толық қамтылады
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 2025 жылы толықтай көгілдір отынмен қамтылмақ. Биыл басталатын жоба үш кезеңмен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта жобаның бірінші кезеңі басталып, 9 көгілдір отын жіберу кешені салынды. Ол үшін республикалық бюджеттен 2,2 млрд теңге қарастырылған. Нұр-Сұлтан қаласында газ жүргізілетін алғашқы шағын аудандардың бірі – Көктал-1, Көктал-2 және ЖЭО-1, ЖЭО-2 аудандары. Аудандар магистралды газ құбырына келесі 2020 жылдың күзіне дейін қосылады. Ал тұрғындар тек өз үйлеріне пеш орнату жұмыстарын жүргізуі керек. Әрбір үйге газ құбырын жеткізу және есептеуіш құралдарын орнату елорда әкімдігінің есебінен жүргізіледі.  Әкімдік «ақылды» есептеуіш құралдарын орнататын болады. «Бізде нарықтағы бағасы 15 мың теңгеге жуықтайтын ерекше есептеуіш құралдарымен қамту ескерілген. Сонымен қатар көрсеткіштерді дистанциялық түрде бере алатын есептеуіш құралдары бар. Бұл біріншіден, тұрғындарды қажетсіз бақылаушылармен ығыр қылмайды. Осы есептеуіш құралдарының көрсеткіштері дистанциялық түрде беріледі», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл. Айта кетейік, газ құбырын үйге дейін тарту, пломбалау және үйді газ құбырына қосу бойынша қалған жұмыстарды тұтынушының өзі атқарады. «Біз бюджет қаражатын жеке секторда пайдалана алмаймыз. Газды жекеменшік иелік аумағына дейін, яғни біздің дәлізге жататын аумақ бойынша ғана жеткіземіз. Ал жекеменшік сектор аумағына бюджет қаражатын жұмсай алмаймыз. Ол жерлерге үй иесінің шығындары жұмсалады», – деп түсіндірді Ернат Бәзіл.