Халық Кеңесі бірлік пен келісімнің жаңа тұжырымы әзірленетін орталық бола алады – Президент

Халық Кеңесі бірлік пен келісімнің жаңа тұжырымы әзірленетін орталық бола алады – Президент
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында Халық Кеңесінің мақсатына кеңінен тоқталды. Президент этномәдени бірлестіктер мен осы салада қызмет ететін басқа да қоғамдық ұйымдарды бір мақсатқа біріктіруі керек екенін баса айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Этномәдени бірлестіктердің өкілдері жоғары конституциялық мәртебеге ие болған Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына да енді. Бұрын парламент квотасына сай Сенатқа Қазақстан халқы ассамблеясының 5 мүшесі ғана өтетін. Ал енді Халық Кеңесінің құрамына этномәдени бірлестіктердің 42 өкілі кірді. Яғни олар Кеңес мүшелерінің үштен бірін құрайды. Еліміздің орнықты әрі табысты дамуы тұрғысынан ҚХА миссиясының маңызды екеніне осы айқын дәлел.

Қазіргі міндетіміз – өнімді жұмыс істеу. Ең алдымен, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту тәсілдерін жоғалтпай, оны одан әрі жалғастырып әкеткен жөн. Халық Кеңесі бірлік пен келісімнің жаңа тұжырымы әзірленетін орталық бола алады. Басқаша айтқанда, Халық Кеңесі этномәдени бірлестіктер мен осы салада қызмет ететін басқа да қоғамдық ұйымдарды бір мақсатқа біріктіруі керек.  

Өңірлік деңгейде Достық үйлерінің жанынан ашылған «Қоғамдық келісім» желісі жұмысын жалғастырады. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері жергілікті қоғамдық кеңестердің құрамына кіріп, Қазақстан Халық Кеңесіндегі тұрақты комитеттердің, салалық комиссиялардың және консультативтік-кеңес органдарының жұмысына қатыса алады. Алайда жаңа мүмкіндіктер айрықша жауапкершілік жүктейтінін де ескерген жөн. Дұрыс шешімді талап ететін түйткілдер шаш етектен», – дейді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар