Мейіз Сәтбаеваға ескерткіш тақта қойылды

Мейіз Сәтбаеваға ескерткіш тақта қойылды

Мейіз Сәтбаеваға ескерткіш тақта қойылды
ашық дереккөзі
906
Алматыда танымал ғалым Мейіз Қанышқызы Сәтбаеваның құрметіне орнатылған ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.  Мемориал Құрманғазы, 20 үйдің қабырғасына орнатылды. Ескерткіш тақтаны Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов ашты.  width= Мейіз Қанышқызы – геология-минералогия ғылымдарының докторы. Ол өзінің  әкесі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жолымен жүрді және Жезқазған кен орнын ашу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Құрамы рениге бай ерекше кен құрайтын минералдардың құрылымдық-морфологиясы бойынша докторлық диссертацияны қорғады. «Мейіз Қанышқызы – көрнекті ғалым. Мына мемориалды тақта бүгінгі және келер ұрпаққа оны еске салатын болады. Мемориалдың ашылуы – қаламыздың мәдени және ғылыми өміріндегі тарихи сәт», - деді ашылу салтанатында М. Ахетов. Ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті М. Жұрынов, академиктер С. Оздоев және С. Қожахметов, геология-минерология ғылымдарының докторы Э. Сейітмұратова, Қ. И. Сәтбаев атындағы геология Институты архивінің директоры Н. Ниретина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Г. Бибатырова, Мейіз Сәтбаеваның ұлы, геология-минерология ғылымдарының докторы А. Третьяков қатысты.

Серіктес жаңалықтары