Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс
ашық дереккөзі
738
 БҰҰ рейтингі бойынша цифрландыру жөнінен Қазақстан 26-шы орында. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парашасында жазды.  "Цифрландыру – заман талабы. «Astana Hub» отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда. «Digital Centre» (цифрлық ХҚКО) көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетеді. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан 26-шы орында", - деп жазды Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Президент  Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс екенін айтты. «Astana IT University» және «Alem» бағдарламалау мектебінде IT-дарындарының жаңа буыны қалыптасып келеді. Олар – озық Қазақстанның қозғаушы күші. ҚР өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты»,- деді ол.  

Серіктес жаңалықтары