Бойжеткенді қағып кеткен полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бойжеткенді қағып кеткен полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бойжеткенді қағып кеткен полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
279

Оралда полиция патрульді көлікпен қызды қағып кеткен. 21 жастағы қыз есінен танған күйі жедел жәрдем ауруханаға жеткізіліпті. Бойжеткен ауыр жарақаттар алғандықтан жан сақтау бөліміне орналастырылған, деп хабарлайды  КТК

Жол апаты кешкісін орын алған. Куәгерлердің айтуынша қыз бағдаршамның жасыл түсіне жолды кесіп өтіп бар жатқан кезде қызыл түс жаныпты. Бойжеткен жолдан өтіп үлгермей, оның ортасында тұрған кезде полицейлердің патрульді көлігі қағып кеткен. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері қыздың басына ауыр зақым келгенін анықтаған. Жергілікті полиция қызметі көлік тізгіні 26 жастағы аға лейтенаттың қолында болғанын жеткізді. Тәртіп сақшысы қызметінен босатылып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалған. Оның командирлері де тәртіптік жазаға кесіліпті. «Полиция қызметкері Баймұқашевке қарсы сот алды тергеу ісі басталды. Орын алған оқиғаға байланысты бойжеткеннің туыстарынан қол астындағы қызметкерім үшін кешірім сұраймын. Біздің тараптан қызға көмек көрсетілетін болады», - деді БҚО ПД-нің басшысы Мақсұдхан Әбләзімов.

Серіктес жаңалықтары