245
Іле Алатауындағы жөндеуден өткен кешенді туристер қиратып кетті
Іле Алатауындағы жөндеуден өткен кешенді туристер қиратып кетті
Туристер Іле Алатауы ұлттық паркінде қайта жөнделгеннен кейін іске қосылған ыстық су кешенін қиратты. Бұл туралы ұлттық парктің Facebook -тегі парақшасында хабарланды.
«Мәдениетсіз адамдардың мәдени демалысы... Жақында ыстық су кешені қайта жаңғырудан соң ашылған болатын. Туризм туралы қалай сөз айтуға болады деген сұрақ туады. 2 аптаның ішінде адамдар сонша қаражат пен уақыт жұмсалған кешенді қиратты», - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.
Бұл кешен 2016 жылы демеуші кәсіпкерлердің көмегімен ашылған. «Ең алғаш пайдалануға берілген күндері адамдар қирата бастады. Сол кезде камера орнаттық. Вандализм тоқтаған сияқты еді. Ол жерден бөтелке, темекі қалдықтарын көруге болады», - деді демеушілердің бірі Сергей Спицын.
Кейін кешен қайта жөндеуге жабылған. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбадан соң суға түсетін бөшке мен душ кабинасы қалпына келтірілді. Алматы әкімдігінің көмегімен су кешеніне жарық тартылатын болды.