342
Алматы полициясы теміржол бойында бақылауды күшейтеді
Алматы полициясы теміржол бойында бақылауды күшейтеді
Полиция өкілдері теміржол қызметкерлерімен бірлесіп Алматы-1 вокзалында қадағалау шараларын күшейтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өйткені, теміржол бойында келеңсіз оғиғалар жиілеген. Мәселен, бір жылда желідегі полиция инспекторлары теміржолдағы рұқсат етілмеген жерден өткен азаматтарға қатысты 1500 әкімшілік хаттама толтырған. Айыппұл көлемі 3, 5 млн теңгеден асады.
Мұнда күніне еліміздің барлық өңірлерінен жолаушылар келіп-кетіп жатады. Олардың арасында есірткі тасымалдаған 12 адам ұсталған. 80-ге жуық тіркелмеген қару-жарақ, 60-тай түрлі суық қару тәркіленген. Сонымен қатар, Отар мен Алтынкөл теміржол бекеттері арасында 12 адамды пойыз қаққан. Оған басты себеп теміржол бойында аспалы көпір аз дегенді алға тартады теміржолға жақын маңдағы тұрғындар. Ал тәртіп сақшылар болса, жер асты көпірлерін алыс санап, еріншектік салдарынан қайғылы жағдайға душар болып жатады дейді.
"Мысалы соның сегізі спирттік ішімдік ішіп алған орта санаттағы. Мас күйінде теміржолға шығып кеткен. Соның салдарынан көрмей қалған. Кейде болады құлақтарына наушник құрылғыларын салып алады да, музыканы қойып қояды, естімей қалады пойызды. Ондай да жағдай орын алып жатқаны бар", - дейді әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Жандар Әбдіқапаров.