Қазақстанда сүт сапасына талап күшейеді

Қазақстанда сүт сапасына талап күшейеді

Қазақстанда сүт сапасына талап күшейеді
ашық дереккөзі
354
Қарағанды облысындағы ең ірі сүт зауыты Кедендік одақтың жаңа ережесіне дайын, хабарлайды «Хабар 24». 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде сүт сапасына талап күшейеді. Яғни отандық зауыттар Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес келмейтін сүтті енді қабылдай алмайды. Ақтың құрамында адам ағзасына зиян келтіретін зат болмауы тиіс. Ал бізде зауытқа қажетті шикізаттың 70 проценті ауыл-аймақтан жиналады. Оның тең жартысы өкінішке қарай жаңа талапқа сай емес. Сондықтан зауыттар сүт тапшылығын тартуы мүмкін. Бұл әсіресе, шағын кәсіпорындардың жұмысына тұсау болады. Ал ірі зауыттар бұған ерте қамданыпты. Айталық, қазір өңірде 30-ға жуық сүт қабылдайтын арнайы бекет ашылған. Мұнда тұрғындар тапсыратын сүттің сапасы мұқият тексеріледі. Микробиологиялық, соматикалық көрсеткіштері анықталады. – Сүт қабылдау бекеттерінің барлығында шикізаттың сапасын тексеретін кәсіби мамандар отырады. Олар ақты тек қабылдап қана қоймай, тұрғындарға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын да жүргізеді. Себебі одақтың жаңа талабы бірінші кезекте сауыншыларға тікелей қатысты. Сиырды сауған кезде қарапайым тазалық ережелерін сақтау керек. Сонда ешқандай мәселе туындамайды, - дейді сүт өндіретін компанияның басқарушы директоры Сәуле Жанкина.

Серіктес жаңалықтары