Елеусіновтің келесі қарсыласы кім?

Елеусіновтің келесі қарсыласы кім?

Елеусіновтің келесі қарсыласы кім?
ашық дереккөзі
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлады Prosports.kz. Boxrec.com порталының мәліметі бойынша, қазақстандық боксшы 20 желтоқсанда Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасады. Кездесу он раундқа есептелген. Елеусінов кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. 4 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Ал Санчес кәсіпқой бокста 20 (10 КО) рет жеңіп, бір рет тең түскен. Төрт рет жеңілген.