Нұр-сұлтанда бір ай бойы жолақы құны 45 теңге болады

Нұр-сұлтанда бір ай бойы жолақы құны 45 теңге болады

Нұр-сұлтанда бір ай бойы жолақы құны 45 теңге болады
ашық дереккөзі
385
Нұр-сұлтан тұрғындары мен қала қонақтары қоғамдық көлік қызметі үшін бір ай 45 теңгеден төлеуге мүмкіндік алды.  «Жолақыны 50% жеңілдікпен SMS және QR-код арқылы төлей аласыз. Акция 18 қарашадан басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасады», - деп мәлім етті «Astana LRT» компаниясынан. Мұндай акцияны ұялы байланыс операторларының бірі ұсынып отыр. Атап айтқанда, төлемді SMS немесе QR-код арқылы жасаған кезде телефон нөмірінен жол жүру билетінің толық сомасы – 90 теңге шегеріледі. Кейін балансқа 45 теңге қайтарылады. Жолақыны төлеу үшін шотта кем дегенде 91 теңге болуы тиіс. «45 теңгемен автобуста күніне екі рет жүре аласыз. Ал үшінші және одан арғы сапарларыңыз үшін стандартты – 90 теңге төлейсіз. Акция тек қалалық бағыттарда жүреді. Бағасы 180 теңге болатын экспресс-маршруттарда, сондай-ақ ақысы 90, 200, 300 және 400 теңгелік қаламаңы маршруттарында жеңілдік қарастырылмаған», - деп нақтылады «Astana LRT»-дан.  

Серіктес жаңалықтары