Қазақстан Қырғызстанға 50 қарақұйрық бермек

Қазақстан Қырғызстанға 50 қарақұйрық бермек

Қазақстан Қырғызстанға 50 қарақұйрық бермек
ашық дереккөзі
1844
Қырғызстан Қазақстаннан 50 қарақұйрық сұратты. Қырғыздар соның көмегімен елде ашатұяқты сүтқоректінің осы түрін сақтап қалғысы келеді. Бұл туралы Қырғызстанның қоршаған ортаны қорғау агенттігіне сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Мемлекеттік мекеме қарақұйрықтарды Ыстықкөлдің солтүстік жағалауына, Орто-Токой су қоймасының оңтүстік-батыс жағына жіберуді көздеп отыр. "Осы жер қарақұйрықтардың өмір сүруіне ыңғайлы. Жақын маңда Орто-Токой су қоймасы бар. Өткен ғасырдың 30-70-жылдары мұнда қарақұйрық болған" деді агенттік басшысы Мирслав Аманкулов. 80-жылдары қарақұйрық саны күрт кеміген. Қазір мұнда қарақұйрық қалмаған. Агенттік мәліметі бойынша, Қырғызстан мен Қазақстан 50 қарақұйрық алу туралы хаттама қабылдаған. Қазір соған байланысты келіссөздер жүріп жатыр. Қарақұйрық Қырғызстанның Қызыл кітабына енген. Оны атқандарға бір миллион сом айыппұл салынады.

Серіктес жаңалықтары