FightNights.com сайтының журналисі Райан О’Хара орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің денсаулығына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлады Sports.kz.
Америкалық журналистің пікірінше, Головкиннің жасы келіп қалғандықтан, биіктіктегі жаттығу оның физикалық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Биыл қазақстандық спортшы Абель Санчеспен келісімшартын бұзып, Джонатон Бэнкспен жаттыға бастады. Алайда ол жаттығу орнын өзгертпей, бұрынғыдай Калифорния штатындағы Биг Бэар залында дайындалып жүр.
37 жастағы Головкин үшін жас шамасы жалғыз мәселе емес. GGG Калифорния штатындағы Биг Бэар залында жаттығады. Онда спортшылар биіктікте жаттығу үшін барады. Егер оның жасын ескерсек, қауіп-қатер бар. Мысалы, бұлшықет массасының жойылуы және қызыл қан түйіршіктері деңгейінің жоғарылауы қанның қоюлануына әкеледі, ал ол жүрекке түсетін салмақты арттырады, - дейді Райан О’Хара.
Оның айтуынша, Абель Санчестен кеткеннен кейін Головкиннің жылдамдығы баяулап, нәтижелі соққы жасай алмай жүр.
Оның қорғанысы ешқашан мықты болмаған. Дегенмен таза соққыларды жиі жіберетін болды. Тіпті, Стив Роллс сынды қарсыластарынан соққы алды, - деп түйіндеді журналист.