Венеция су астында қалды

Венеция су астында қалды

Венеция су астында қалды
ашық дереккөзі
435

Венециядағы су деңгейі 187 сантиметрді көрсетіп, соңғы 50 жылда болмаған рекордты деңгейге жетті, деп хабарлайды Риа Новости.

Венеция орта есеппен әр төрт жыл сайын "судың жоғары деңгейін" бастан кешеді. Бірақ, әдетте, 110 сантиметрден аспайтын су қаланың 10% -ға жуығын басады. Алайда бұл жолы әдеттегіден өзгеше болған.

"187 сантиметр. 1966 жылы 194 сантиметрден кейінгі екінші жоғары көрсеткіш", - дейді қала әкімдігі Twitter парақшасында.

Биліктің мәліметінше, су 140 сантиметрден асса, онда қаланың 90 пайызын су басады.

Алдағы бірнеше күнде ол кейде азайып, кейде артып отырады. Бірақ, ол кесте түнде судың тек 145 сантиметрге жетеді деп көрсеткен.

"Сәрсенбі күні біз апат режимін жариялаймыз. Біз биліктен көмек сұраймыз, шығын көп болады. Бұл ғаламдық жылынудың салдары", - деп жазды Луиджи Бруньяно Twitter желісінде.

Оның сөзінше, мұндай топан су жойылмас із қалдырады. Сондықтан, билік келген залал шығынын есептей бастайды.

Сондай-ақ, мэрия Венето өңірінен дағдарыстық жағдай жариялауды сұрайтынын мәлімдеді.

Бұл Римдегі орталық үкіметтен төтенше жағдай режимін жариялау үшін қажет.

Серіктес жаңалықтары