Қызылордада «Текті сөздің төресі — терме» республикалық байқауы өтті

Қызылордада «Текті сөздің төресі — терме» республикалық байқауы өтті

Қызылордада «Текті сөздің төресі — терме» республикалық байқауы өтті
ашық дереккөзі
333
Қызылордада  «Текті сөздің төресі — терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті. Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ ұйымдастырған додада республиканың түкпір-түкпірінен келген 13 үміткер бақ сынады. 
 Іс-шараны «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ Басқарма төрағасы Ж. Ерман мен Қызылорда облыстық әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Мақанов сөз сөйлеп ашып берді.
ҚР Халық әртісі Қ. Бекбосынов төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында Мәдениет қайраткері, жыршы Е.Шалдыбеков, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Б.Шойбеков, Мәдениет саласының үздігі, өнертанушы Е.Қайназар, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері М.Ниязов қазылық етті. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде — Елбол Қуанбекке (Алматы облысы) бұйырды. І орын Айдана Шынболатқа (Шымкент), екі ІІ орындар Мұхамедәлі Бекпейісов (Қызылорда) және Таңнұр Әлбосынға (Көкшетау) бұйырды. ІІІ орынға Гүлбағым Қайыржанова (Алматы) мен Салтанат Қисатоваға (Павлодар) тиесілі болды. Жүлдегерлер мен қатысушылар Мәдениет және спорт министрлігінің дипломымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары