Жақыпова антиплагиат жүйесінің шешімі қате екенін айтты

Жақыпова антиплагиат жүйесінің шешімі қате екенін айтты

Жақыпова антиплагиат жүйесінің шешімі қате екенін айтты
ашық дереккөзі
392
Қызмкетінен кеткен Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова өзінің ғылыми еңбегіне қатысты антиплагиат жүйесінің шешімі қате екенін айтты. Facebook парақшасындағы мәлімдемесіне сүйенсек, оның ғылыми еңбегі ресейлік және польшалық антиплагиат жүйелерімен тексерілген. "Кейбір адамдар тек сандық деректердің негізінде плагиаттың бар-жоғы туралы тұжырым жасап, осылайша қалың көпшілікті адастырады", – деп жазды вице-министр.

Ол ғылыми еңбекті жазу кезінде автор дереккөзге сілтеме жасаған күннің өзінде де жүйенің механикалық түрде базадағы бар мәтіндерді салыстыратынын атап өтті.

Жақыпова өз диссертациялық жұмысын Turnitin деп аталатын ғылыми еңбектің бірегейлігін тексеретін жаңа бағдарламада қайта тексеріп шыққанын алға тартты. Айтуынша, аталған бағдарламада оның ғылыми еңбегінің бірегейлігі 87% көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары