Қазақстанда тәулік сайын 150 ерлі-зайыпты ажырасады

Қазақстанда тәулік сайын 150 ерлі-зайыпты ажырасады

Қазақстанда тәулік сайын 150 ерлі-зайыпты ажырасады
ашық дереккөзі
492
Елімізде күн сайын 380 жұп неке қиып, отбасын құрса, 150 ерлі-зайыпты ажырасады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл мәліметтер Алматыда өткен «Өнеге» отбасылық форумында айтылды. Жанұяларды кешенді қолдауға бағытталған «Отбасылық академия» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға ғалымдар, психологтар, үлгілі отбасылар мен тұрмыстық қарым-қатынастан жәбір көргендер қатысты. Олар өмірлерінен нақты мысалдар келтіріп, оған құқықтық, адамгершілік тұрғыда баға берілді. Сондай-ақ қатысушылар отбасыны қалай сақтауға болады деген сұрақ төңірегінде ой бөлісті. Қоғамдық қор бұған дейін бақытты отбасы болудың құпиялары туралы кітаптар шығарған. "Отбасын сақтаудың бір жолы – ерлі-зайыптылар кез келген тақырыпта бір-бірімен ашық сөйлесуі керек. Отбасы мүшелерімен бірге болуға уақыт табу қажет. Меніңше, бақытты отбасы болудың негізгі қағидасы осы", - дейді  «Өнеге» жобасының жетекшісі Азамат Жаманчинов.

Серіктес жаңалықтары