"Қуана білгенге құт қонады..."

"Қуана білгенге құт қонады..."

"Қуана білгенге құт қонады..."
ашық дереккөзі
1120

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбековтің «Елбасы және түлеген Түркістан» атты мақаласы еріксіз қолға қалам алғызды. Ал, Махмұт Қасымбеков елбасытануға үлкен үлес қосып жүрген, бірнеше кітап жазған адам. Бұл мақаласында да Елбасының Түркістанға сіңірген еңбегі тамаша талданыпты. Кеше Нұрсұлтан Әбішұлы киелі шаһарды аралап, құрылыспен танысқанында қасында болдым. Ол кісі Түркістанға бұрыннан назар аударып келе жатқанын, тіпті Түркістанды ел астанасы етпек болғанын айтты. Бірақ сол кездегі саяси жағдай басқаша болып, бұл ойын жүзеге асыруына мүмкіндік болмағанын мәлімдеді. «Түркістан түркі дүниесінің мәдени астанасы ретінде көркейеді. Облыс орталығы атанған шаһардың екіжылдық мерекесінде көптеген көрікті, сәулетті ғимараттар пайдалануға беріледі. Өздеріңізбен бірге сол сәтті де бірге тойлаймыз» – деді Елбасы.

  Түркістанның бүгінгі таңда керемет гүлденіп, көркеюі Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ең үлкен жемісі, жеңісі десек болады. Сондықтан Түркістанға екі апта бармай қалсам танымай қаламын. Тұрын үй кешендері, ғажап ғимараттар жарқырап тұр. Бір жыл үш айдың ішінде шаһар керемет дамыған. Бірлік, ынтымақ болса бәрі де болатынына көз жетті. Бұл орайда Өмірзақ Естайұлының әкім болып тағайындалуы үлкен рөл атқарып тұр. Елбасының облыс тізгінін осы кісіге сеніп тапсыруы үлкен көрегендік, тапқырлық, білгірлік деп есептеймін. Әбіш Кекілбаевтың «Қуана білгенге құт қонады, бағалай білгенге бақ қонады» деген ғибратты сөзі бар. Елбасы бастап, облыс әкімі қостап, барлық  басшылардың, халықтың істеп жатқан ісіне қуана білуіміз керек.

Мархабат БАЙҒҰТ,

жазушы-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының,

«Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері

Серіктес жаңалықтары