Елордалық оқушылар Анталияда өткен халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

Елордалық оқушылар Анталияда өткен халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

Елордалық оқушылар Анталияда өткен халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды
ашық дереккөзі
320
2019 жылдың 28 қазан - 3 қарашасы аралығында  Түркияның  Анталия қаласында ХІ халықаралық пәндік олимпиада өтті. Анталиядағы Туризм Академиясы,  Анталия қалалық кеңесі,  Ресей консулдығы бірлесе ұйымдастырған олимпиаданың мақсаты - оқушылардың білімге деген қызығушылығын анықтау және дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасының пәндерін оқу саласындағы біліммен алмасу. Оқушылар мен әр түрлі елдердің студенттері арасында мәдени  байланысты дамыту.  Қатысушыларды Түркия республикасының білім беру жүйесімен таныстыру. Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді:  Математика; физика; химия; биология;  дүниетану; ағылшын тілі; орыс тілі; түрік тілі; дүниежүзі тарихы; бейнелеу өнері, Туризм және қонақ үй менеджменті (теориялық және практикалық  кезеңдер). Олимпиадаға 24 мемлекеттен  1500 оқушы қатысты.  width= Нұр-Сұлтан қаласының №82 мамандандырылған «Дарын» лицейінен  31 оқушы қатысты. Оқушылар барлық пәннен қатысып, нәтижесінде 35 медаль иеленді. Атап айтсақ:
  • математика пәні бойынша 13 медаль, жалпы командалық  1орын(кубок);
  • химия пәні бойынша 4 медаль, жалпы командалық 1 орын(кубок);
  • география пәні бойынша 4 медаль, жалпы командалық 1 орын(кубок);
  • Орыс тілі пәні бойынша 4 медаль, жалпы командалық 3 орын(кубок);
  • Биология пәні бойынша 1 медаль;
  • Бейнелеу өнері 1 медаль;
  • Ағылшын тілі 3 медаль;
  • Физика пәні бойынша 2 медаль;
  • Дүниетану пәні бойынша 3 медаль.
Осының нәтижесінде ХІ халықаралық пәндік олимпиадасының  жеңімпазы атағын,  «Ең үздік» команда кубогін жеңіп алды. 10 оқушыға жазғы демалыс лагеріне жолдама берді.

Серіктес жаңалықтары