Шымкентте көпбалалы аналар нан бағасының қымбаттауына наразылық білдірді

Шымкентте көпбалалы аналар нан бағасының қымбаттауына наразылық білдірді

Шымкентте көпбалалы аналар нан бағасының қымбаттауына наразылық білдірді
ашық дереккөзі
533

Шымкентте көпбалалы аналар нан бағасының қымбаттауын тоқтатуды сұрап отыр. Шенеуніктер бұған дейін нан бағасын бір қалыпта ұстауды уәде еткен еді. Алайда бұл мүмкін болмады ма, әйтеуір бір бөлке нанның бағасы 60 теңгеден 80 теңгеге қымбаттаған. Әсіресе, жалғызбасты аналар бағаның өсуі қиын тигенін айтады. Бұл туралы  31 арна хабарлады.

Алты баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Карима Қайдарбекова ас атасының үйдегі негізгі тамақ екенін айтады. Сондықтан нан бағасының қымбаттауы қалтаға салмақ түсіреді дейді. «Шайға бір отырғанда 3-4 таба нан желінеді. Бір күнде 12 нан сатып аламын. Кейде ұн сатып алып, нанды өзім пісіремін. Кей дүкендерде нан бағасы 85 теңгеге дейін қымбаттап кетті», - дейді көпбалалы ана. Наубайшылардың сөзінше, нанның қымбаттауы ұн бағасының өсуіне байланысты. Жазда 50 келі ұнды 5 200 теңгеге сатып алса, қазан айында бағасы 6 200 теңгеге жетіпті. Өз кезегінде әкімдіктегілер нан бағасын бір қалыпта ұстау мәселесімен айналысып жатқандарын айтты. «Нан бағасының негізсіз өсуін тоқтату үшін, қалалық әкімдік жұмыс тобын құрды. Олар күн сайын сауда нүктелерін бақылайды. Нан бағасының 75 теңгеге жеткен кездері болды. Мұны төмендету үшін, Шымкент қаласының ауыл шаруашылық басқармасы бірінші сұрыпты ұнды сатып алу жұмыстарын жүргізуде», - дейді қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков. Әкімдік ұн сатып алу үшін 300 миллион теңге ақша бөлген. Нан бағасы өспеу үшін, оны наубайханаларға тарату жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары