СҚО-да медициналық колледж директоры сотталды

СҚО-да медициналық колледж директоры сотталды

СҚО-да медициналық колледж директоры сотталды
ашық дереккөзі
545

Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі" ШЖҚ КМК директоры М.Б. Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол СҚО ТЖД қызметкеріне анықталған өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзғанына әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін колледж фармацевті М.Т.Әбдікәрімованың делдал болуы арқылы 50 мың теңге сомасында пара берді деген күдікке ілінді. Биыл 1 қарашада Петропавл қалалық сотының үкімімен Ахметова М.Б. пара бергені, ал Әбдікәрімова М.Т. пара беруде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген хабарламада. Сотталғандарға 500 мың теңге және 250 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Серіктес жаңалықтары