928
Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы: 6 күдікті бар
Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы: 6 күдікті бар
Нұр-Сұлтанда LRT көлігінің құрылысына қатысты ақша жымқыру ісі бойынша алты күдікті бар. Олардың төртеуі – әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері, барлығы басшылық қызметте болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Тергеу жалғасып жатыр. Сараптамалар аяқталуға жақын қалды. Келтірілген шығын да артты, миллиард теңгеден асады. Бүгінде алты адам осы іс бойынша күдікті, олардың төртеуі әкімдіктің лауазымды тұлғалары болған», – деді Перов.
Оның айтуынша, күдіктілерді әлі ұстаған жоқ. Олардың бірі – Astana LRT компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан, қазір Интерпол оған халықаралық іздеу жариялады.