294
Қазақстан ISAR төрағасы болып тағайындалды
Қазақстан ISAR төрағасы болып тағайындалды
Қазақстан Женевада алғаш рет Халықаралық бухгалтерлік есеп және есептілік стандарттары жөніндегі үкіметаралық топтың (ISAR) төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Каржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ISAR төрағасы болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілі, бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің директоры Арман Бектұрова тағайындалды. Бұл туралы осы күндері Женевада (Швейцария) өтіп жатқан ISAR 36-шы сессиясында белгілі болды.
ISAR БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы ретінде (ЮНКТАД) бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту саласындағы озық тәжірибелермен алмасу үшін және ең өзекті мәселелер мен басымдықтарды айқындау үшін жаһандық және инклюзивті форум ретінде құрылды. ISAR сараптамалық зерттеулермен айналысады, жыл сайын сессиялар мен семинарлар өткізеді, халықаралық стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибелер мен техникалық көмек жобаларын іс жүзінде енгізуге көмектесетін құжаттар әзірлейді.
Айта кетсек, Қазақстанда (ТМД елдері арасында тұңғыш рет) қаржылық заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң қабылданды.