Алматы жастарынан жалдамалы пәтер алуға өтініш қабылдана бастады

Сондай-ақ!

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар. Бейресми дейтін себебіміз бұл елді мекеннің бой көтере бастағанына 12 жылдан асса...

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды BBC. Прокуратура дәрігер футболшыны абайсызда өлтіруі мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр. ВВС Аргентинаның Todo...

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру мен сақтау үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы тоқталып өтті. "Үкімет заманауи мұрағат қызметінің...

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік декорацияға былтырдан қалған шыршалар мен...

Алматыда жастарға жалдамалы баспана беретін бағдарламаға өтініш қабылдау  басталды. Құжаттарды тіркеу бүгіннен, яғни 30 қазаннан бастап 12  қарашаға дейін жалғасады. Өтініштер «Алматы жастары» сайтында қабылданады.

Алматыда жұмыс істейтін жастарға үй Алатау ауданына қарасты «Саялы-2» ықшамауданынан беріледі. Тұрғын үй басқармасы қазір конкурс ұйымдастырып, кейін барлық талаптарға сай келген 250 отбасыға пәтер кілтін тапсырады.

Жастар жалдамалы пәтерге шамамен қараша айының аяғында қол жеткізеді. Жалпы жыл соңына дейін 1050 адамды жалдамалы пәтерге қоныстандыру жоспарда бар. Оларды көп күттірмейміз деген тиісті басқарма байқаудың әділ, автоматтандырылған жүйеде өтенін айтады. Жобаның шарттары белгілі. Бастысы қызмет қылатын жастардың айлық табысы 100 мың теңгеден кем болуы тиіс.

«Нұрлы жер» бағдарламасында жазылғандай, бірден-бір шарттарының бірі – Алматы қаласының тұрғыны болуы керек. Кемінде 2 жыл, сондай-ақ дәл осы мерзімде аттарында үйлері болмауы керек. Және де олар жұмыс істейтін жастар болуы керек. Олардың банкте жинақ шоты болуы керек. Олардың құжаттары балдық жүйемен есептеледі. Кімде жоғарғы балл болса, солардың мүмкіндіктері көптеу болады», – деді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы тұрғын үйлерді есепке алу және тарату бөлімінің басшысы Ермек ӘМІРОВ.

Жастарға арналған пәтерлерді жалдау құны айына 10-12 мың теңге. Оған қоса, қолданған коммуналдық төлемді пәтерге қоныстанған азамат төлейді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспананың көлемі 40 шаршы метрге жуықтайды. Бұл үйлер жастарға 5 жылға жалға беріледі. Осы аралықта олар қаражат жағын реттестіріп, өз баспанасына ақша жинайды. Өтініштер электронды түрде «Алматы жастары» сайтында қабылданады. Айта кетейік, сайт ертеңнен бастап іске қосылады.

«Жұмыс орнынан анықтамасы және банктен шоты бар екенін растайтын құжат болса, қалған құжаттары өзінде. Неке қию туралы куәлік, бала-шағасының туу туралы куәліктері – қолдарында тұрған құжаттар. Және де міндетті түрде электронды цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Ол кез келген жерден ғаламторға сүйене отырып, тәуліктің кез келген уақытысында тапсыра алады», – деді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы тұрғын үйлерді есепке алу және тарату бөлімінің басшысы Ермек ӘМІРОВ.

Еске салайық, жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 3 мың жалдамалы пәтер қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап мұндай бағдарлама еліміздің өзге өңірлерінде де іске қосылады.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Алматыдан 170 шақырым жерде жер сілкінді

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 қарашада Алматы уақытымен 23...
Нұрбесік

Мұрат БАҚЫТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар....
Марадона

Марадонаның өліміне дәрігері себеп болуы мүмкін – ВВС

Аргентина билігі Диего Марадона дәрігері Леополдо Лукаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...
шырша

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, -...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...