227
Алаш ғылымын асқақтатқандар
Алаш ғылымын асқақтатқандар
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығымен 2015 жылдан бастап ғылым мен техника саласында зерттеулер жүргізіп, үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық ғалымдарға екі жылда бір рет әл-Фараби атындағы жеті мемлекеттік сыйлық беру жайында шешім қабылданған болатын. Бұл мәртебелі сыйлық биыл алғаш рет 1 жеке, 6 ұжымдық еңбек иелеріне бұйырып, жалпы, 39 қазақстандық ғалым марапатталды. Мемлекет басшысы еліміздің ғылым саласындағы ең жоғары марапаты – әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың тапсыру рәсімінде сөз сөйлеп, марапат иелеріне сыйлықтарын тапсырды. «Биылғы жыл Қазақстан ғылымына айрықша серпін берген жемісті жыл болды деп айтуға болады. Қазіргі заманда экономика өсімін ғылым мен инновациясыз елестетуге болмайды. «Назарбаев Университеті» пен Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде ашылған орталықтар даму және ел ғылымын коммерцияландыру, стартаптарды жүзеге асыру, үздік зертханаларды әкеліп орналастыру орнына айналуда. Мемлекет ғалымдардың озық тәжірибелеріне ұдайы назар аударып, қолдау танытып келеді. Ғалымдардың еңбегінің мойындалуының белгісі – оларға әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың тағайындалуы. Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника саласындағы ең жоғары марапат болып саналады», – деді Елбасы өз сөзінде.
Сонымен, жалпы көлемі 18600000 теңге болған әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың биылғы иелері мына тұлғалар болды:
«Плазманың кванттық және коллективтік қасиеттері: жаңа технологиялардың теориялық негіздері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін – ҚР БҒМ «Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті» РМК Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері –
Төлеген Қожамқұлов – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Тілекқабыл Рамазанов – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;
Қарлығаш Жұмағұлова – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;
Маратбек Ғабдуллин – физика-математика ғылымдарының кандидаты;
Мерлан Досболаев – физика-математика ғылымдарының кандидаты;
Сандуғаш Қоданова – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент.
«Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыш ғылымының әдістері мен технологияларын дамыту» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін –
Талғат Мұсабаев, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор;
Мейірбек Молдабеков, техника ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі;
Жұмабек Жантаев – ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ-ның президенті, физика-математика ғылымдарының докторы;
Арыстан Мұхамедғалиев – ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ Геоақпараттық модельдеу департаментінің директоры, техника ғылымдарының докторы;
Леонид Чечин – технологиялар орталығы» АҚ-ның «В.Фесенков атындағы астрофизика институты» ЖШС перспективті астрофизикалық зерттеулер бөлімінің бастығы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;
Едіге Закарин – «Қазгеоғарыш» АҚ президентінің кеңесшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор;
Сергей Дубовиченко ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ-ның «В.Фесенков атындағы астрофизика институты» ЖШС ядролық астрофизика секторының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;
Дәулет Ахмедов – ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ-ның «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС-нің директоры, техника ғылымдарының кандидаты.
«Әлемдік технология нарығында Қазақстанның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан алтын мен қорғасын металлургиясы саласында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін –
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Әбдірәсіл Жәрменов;
Сағынтай Исабаев – техника ғылымдарының докторы, профессор;
Людмила Болотова – химия ғылымдарының кандидаты;
Қанат Күзгібекова – ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент;
Николай Ушаков – техника ғылымдарының кандидаты;
Серікбол Шалғымбаев – доцент;
Виктор Шумский – техника ғылымдарының кандидаты;
Игорь Старцев – филиал директоры.
«Қазақстанда бекіре шаруашылығының ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру және инфрақұрылмын жасау» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін –
Нұралы Бектұрғанов – ҚР БҒМ «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» АҚ-ның ғылыми консультанты, техника ғылымдарының докторы, профессор;
Нұрлан Серғалиев – ҚР АШМ «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» РМК ректоры, биология ғылымдарының кандидаты;
Александр Ким –Технологияларды коммерцияландыру орталығының директоры,
Серік Темірханов – «Биология мория» ЖШС-нің директоры.
«Таңдамалы шығармалар» (10 томдық) тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін –
Аманжол Қошанов – ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Экономика институты» РМҚК-ның Әлеуметтік өңдеу және адами капиталды дамыту орталығының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі.
«Ұршық буынының хирургиясында эндопротездеуді қолдану арқылы инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы жұмысы үшін –
Нұрлан Батпенов – ҚР ДСӘДМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК-ның директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор;
Шалғынбай Баймағамбетов – медицина ғылымдарының докторы, професссор;
Қайрат Әшімов – аталған институттың №3 ортапедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты;
Қуаныш Оспанов – медицина ғылымдарының кандитаты, доцент;
Алексей Белокобылов – №4 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты;
Ерік Раймағамбетов – №5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты.
«Қазақстан Республикасындағы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін –
Герой Жолтаев – ҚР БҒМ «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» мұнай және газ геологиясы кафедрасының меңгерушісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор;
Балтабек Қуандықов – «Меридиан Петролеум» ЖШС президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы;
Евгений Огай – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының орынбасары, техника ғылымдарының докторы;
Орал Ақшолақов – «АкАй Консалтинг» ЖШС бас директорының орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты;
Құрманғазы Есқазиев – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бас директоры, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты;
Петр Коврижных – «Геокен» ғылыми өнеркәсіптік орталығы» ЖШС директорының бірінші орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты.
«Түркістан-ақпарат»