Қарағанды облысында 112 келі балықты заңсыз аулаған азамат ұсталды

/
Қарағанды облысында 112 келі балықты заңсыз аулаған азамат ұсталды
polisia.kz

Қарағанды облысында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Тексерулер Балқаш көлі акваториясында да ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы және Приозерск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған азаматты анықтады. Моторлы қайық иесі балық аулауға қажетті рұқсат құжаттарын ұсына алмаған.

Тексеру барысында 28 жастағы жергілікті тұрғынның тыйым салынған ау құралдарын пайдаланып, көксерке мен берш секілді бағалы балық түрлерінен 112 келі көлемінде заңсыз аулағаны белгілі болды.

Табиғатқа келтірілген залал мөлшері 578 мың теңге деп бағаланды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары