WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңді

/
WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 6-орында) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA-2025 қорытынды турнирінде польшалық Ига Швентекпен (2-орын) кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл кездесуде Швентек фаворит саналғанымен, жеңіс Рыбакинаға бұйырды. Ол үш сетте 3:6, 6:1, 6:0 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина қорытынды турнирде америкалық теннисші Аманда Анисимованы (4-орын) 6:3, 6:1 есебімен жеңген болатын. Топтық кезеңнің соңғы матчында Қазақстанның бірінші ракеткасы тағы бір америкалық спортшымен — Мэдисон Кизбен (7-орын) кездеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары