Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген күдікпен Сауран ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицейлер оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде ұсақ калибрлі мылтық карабині мен оқ-дәрілерді тапты. Тәркіленген атыс қаруы тіркелмеген болып шықты.
Қару заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық жағдайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Полиция қаруды тиісті құжаттарсыз сақтау және алып жүру құқық бұзушылыққа жататынын және бұл бойынша қатаң жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.