Мемлекет басшысы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пәтер кілтін табыстады

Мемлекет басшысы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пәтер кілтін табыстады

Мемлекет басшысы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пәтер кілтін табыстады
ашық дереккөзі
253
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Алматы – 2050» даму стратегиясының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Ақорда. 
Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, қауіпсіз қала қалыптастыру, шаһардың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту және басқа да көптеген маңызды мәселелер атқарылады. Сондай-ақ Алматы агломерациясы аумағының даму барысы да қарастырылған.  width= Қасым-Жомарт Тоқаев баспана кезегінде тұрған, Балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне пәтер кілттерін табыс етті. – Баршаңызға жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын! – деді Мемлекет басшысы. Жалпы Алматы қаласының «Көкқайнар» ықшам ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанаға мұқтаж осындай 51 адамға тұрғын үй салынып жатыр.

Серіктес жаңалықтары