Бақытжан Сағынтаев Президентке өтініш жасады

Бақытжан Сағынтаев Президентке өтініш жасады

Бақытжан Сағынтаев Президентке өтініш жасады
ашық дереккөзі
427
ҚР Президенті қатысқан жиында Алматыдағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы баяндаған Бақытжан Сағынтаев Қасым-Жомарт Тоқаевтан 124 жер учаскесін сатып алуға 9,4 млрд теңге бөлуге тапсырма беруді өтінді. «Қазіргі уақытта Үкіметтің қолдауының арқасында қалада 3 жол айрығының құрылысы жалғасуда (Сейфуллин даңғылы - Жансүгірова көшесі, Рысқұлов даңғылы - Емцова көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа тас жолы) және 3 көшені ұзарту жұмыстары жүріп жатыр. Бізге 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен 28,6 млрд теңге қажет. Үкімет 2020 жылға жол айырығының құрылысы мен көшені ұзарту жұмыстарына 17,2 млрд теңге бөліп отыр. Сонымен қатар, жол түсетін жер учаскесін сатып алу мәселелерін алдын-ала шешуге тиіспіз. Осыған байланысты, сізден Қаржы министрлігіне 2020-2021 жылдарға арналған бюджеттік циклды нақтылау кезінде 124 жер учаскесін сатып алуға 9,4 млрд теңге бөлуін тапсыруды сұраймын»,- деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев. Оның айтуынша, егер 2021 жылға дейін қаладағы тиісті жерді сатып алынбаса, онда көшелердегі құрылыс жұмыстары тағы да тоқтап қалуы мүмкін. Өз кезегінде, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 24 миллиард теңге қарастырлғанын , оның 11 миллиарды жолдарды қалпына келтіруге бөлінгенін атап өтті. Министрдің айтуынша, Алматыда метро стансасының құрылысы жалғасуда, жолаушылар көлігі жаңартылып жатыр. Халықаралық авиациялық хабты дамыту жоспарда. Жол желісінің ұзындығы - 3023 шақырымды құрайды. Оның 75% -ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.  

Серіктес жаңалықтары