7-де басталып, 12-де аяқталады: Жамбылда той өткізу ережелері бекітілмек

7-де басталып, 12-де аяқталады: Жамбылда той өткізу ережелері бекітілмек

7-де басталып, 12-де аяқталады: Жамбылда той өткізу ережелері бекітілмек
ашық дереккөзі
1186

Жамбыл облысында енді той кешкі сағат жетіде басталып, түнгі он екіде аяқталуы тиіс. Мұндай ережені облыстағы зиялы қауым өкілдері ұсыныпты. Бұл ойды қала атқа мінерлері жаппай қолдаған, деп хабарлайды  31 арна. 

Жамбылдықтар тойға шектеу қойып жатқан билікке наразы. Айтуларынша, жетіде жұмыстан шығып, үйлеріне барып, дайындық жасап, мейрамханаға келгенше той аяқталып қалады. Ол аздай, тойды уақытынан асырып жібергені үшін айыппұл арқалау мүлдем ақылға сыймайды дейді халық. Той кешкі жетіде басталып, он екіде аяқталады деген деген сөз Whatsapp желісі арқылы тараған. Қазір елде жоқ жаңа ереже жайлы жамбылдықтардың басым бөлігі естіп үлгерген. Алайда, олардың пікірі екі жаққа бөлінді. Бірі бұл заңға қарсылығын айтып, ұсынысты қолдаған билікті жазғырса, екіншілері халық тойға уақытылы келетін болды деп қуанып отыр. Мәселен, әдетте той кешкі 7-ге белгіленеді. Ол уақытта шақырылған қонақтар жұмыстарынан енді шығып жатады. Олар дайындалып, тойға келем дегенше бірнеше сағат өтетіні өтірік емес. Ал, ертерек келген ел жас жұбайларды немесе той иелерін сағаттап күтіп отырады. Қонақтар толық жиналғанша сағат он болады. Бұл ұсыныс өткен айда «Елдік елге байланысты» атты қоғамдық форумда айтылыпты. Оған жиынға жиылған жұрт жаппай қолдау білдірген. Сондықтан, жергілікті билік өкілдері асабалар мен мейрамхана басшыларын шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Ал берілген уақытта той бітпесе, жарық сөндіріліп, асаба мен той иелері айыппұл арқалайды деген бос әңгіме дейді. Айтуларынша, ол әлеуметтік желіде тараған жалған ақпарат екен. «Мейрамханада жұмыс істейтін азаматтар бар. Солардың көбісі, 80-90 пайызы оқу орындарының білімгерлері. Олар, мысалы, ертеңіне сабаққа барулары керек. Әдетте, той екі-үште бітеді. Тойдан кейін мейрамхананы жинап, үйіне қайтқанша сағат таңғы бес-алты болады», - деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай. Әкімдік өкілдері бұл елдің қуанышын қызғану емес, даңғазалық пен дарақылықты болдырмаудың амалы деп сендіреді. Сөздерінше, олар асабалардан бөлек, имамдарды да жиып, қазада жыртыс таратып, дастарқан жаюжайында да ақылдасқан. Ал ешбір елде жоқ ережеге бағыну не бағынбау елдің өз еркінде.

Серіктес жаңалықтары