232
"Бәрін бір уақытта жөндей алмаймыз": Алматыдағы жылу құбырларының 63 пайызы тозған
"Бәрін бір уақытта жөндей алмаймыз": Алматыдағы жылу құбырларының 63 пайызы тозған
Алматыда жылу құбырларының ескіргені коммуналдық сала қызметкерлерінің жұмысын қиындатып тұр.
«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, Алматыда жылу құбырларының 63%-ы ескірген. Қалалық Энерготиімділік басқармасының басшылығы да ескірген құбырлардың бәрін бірдей бір мезгілде ауыстыру мүмкін емес дейді.
Әсет Масабаев, қалалық энерготиімділік басқармасының басшысы: «Біздегі осы құбырлардың 63 проценті ескірген. Жылдан-жылға тозығы жетіп, құбырлар жарылады. Себебі, жылу жүйелерінің бәрі 80-жылдары салынған. Отыз жылдық мерзімі асып кетті. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп келе жатыр. Жобаларымыз бар. Бірақ оның бәрін бір уақытта бастасақ, қалада көлік кептелісін туғызамыз», – дейді.