259
Студенттер тарихи тәжірибені зерделеуге ниетті
Студенттер тарихи тәжірибені зерделеуге ниетті
Көкшетау қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Болашақ біздің қолымызда» корпоративтік қоры мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында «Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы», ММ Көкшетау заң колледжінің, «Бурабай» колледжінің, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің жоғары курс студенттері мен оқытушыларының қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру үдерісіне жастарды тарту және талқылауды ұйымдастыру болып табылады. Дөңгелек үстелге спикер ретінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы Жүсіпова Раушан Құрманғалиқызы қатысты. «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім», «Латын әліпбиіне көшу» және тағы сол сияқты бағдарламалық мақалалардың негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Алдымызға дұрыс мақсаттар қою, жинақталған тарихи тәжірибені зерделеу, өзін - өзі дамыту және уақыт өте келе алға жылжу өте маңызды»,- деп атап өтті өз сөзінде «Болашақ біздің қолымызда» корпоративтік қорының атқарушы директоры Жақыпов Жанат Еркенұлы.
Соңында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Махамбетиярова Эльвира Сейфуллаевна колледждің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген іс-шаралар мен жетістіктері туралы айтып берді. Колледж студенттері іс-шараға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жастардың қатысуы бойынша ұсыныстар жасады.