505
Атырауда әскери қызметкер менингиттен қайтыс болды
Атырауда әскери қызметкер менингиттен қайтыс болды
Атырауда менингиттен әскери қызметкер көз жұмды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, 26 қазанда облыстық ауруханаға әскери бөлімнің фельдшері әскери қызметкерді ауыр халде жеткізген. Пациентке алдын ала диагноз қойылды - шұғыл формадағы менингококк инфекциясы. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, әскери қызметкер бес сағаттан кейін көз жұмған. Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметкер 26 қазанда медициналық көмекке жүгінген. Әскери бөлімге сарбаз 16 қазанда келген келген.
"Денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайды тексеру бойынша комиссия құрды. 27 қазанда әскери бөлімде эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізілді - науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығын дәрігерлер тексеріп, айғақтары бойынша антибиотикпрофилактика шаралары тағайындалып, басталды. Байланыста болған адамдардың арасында менингококк инфекциясына күдікті адамдар анықталмады, медициналық бақылау жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.