Нұр-Сұлтан қаласында үндістандық жұмысшылар төбелес шығарды. Полиция оқиғадан кейін «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 27 қазанда орын алған. Полицияға құрылыс жүргізіліп жатқан нысанның аумағындағы шетелдік жұмысшыларға арналған жатақханада Үндістан азаматтарының төбелес шығарғаны туралы қоңырау түскен.
«Полицейлер анықтағандай, спиртті ішімдік ішудің барысында Үндістаннан келген жұмысшылар арасында төбелес шыққан. Соның нәтижесінде үшеуі жарақаттаныпты», - дейді полициядағылар.
Оқиғаға қатысы бар 8 шетелдік жұмысшы ұсталып, Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.