Ордабасыда дүбірлі той өтті

Ордабасыда дүбірлі той өтті

Ордабасыда дүбірлі той өтті
ашық дереккөзі
353
Биыл Түркістан облысының Ордабасы ауданының құрылғанына 55 жыл. Аудан халқы торқалы тойды дүбірлетіп өткізді.  Дүбірлі тойға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. «Алтын күз» шарасынан бастау алған жиын халықаралық ақындар айтысына ұласты. Сөз зергерлері жарасымды әзілмен өлең өріп, Ордабасы тұрғындарына ақ тілектерін арнап жатты.  width= Бұл күні сондай-ақ, ауылшаруашылық өнімдерінің, қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Ұлттық-мәдени орталықтардың «Достық» ауылы да келушілерге құшақ ашты. «Қазақ рухының қағбасы – Ордабасы» мерекелік шарасында түрлі бағдарламалар ұйымдастырылды. Тарихқа тұнған, тағылымы мол Ордабасы туралы ғылыми-танымдық конференция өтті. Көпшілікке «Күш атасын танымас» ұлттық спорт ойындары көрсетілді. Аудан орталығы Темірлан қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен салтанатты шараға келген билік басшылары халыққа құттықтауларын жеткізді. Сондай-ақ Облыс әкімі Ө.Шөкеев Отырар ауданының 10 азаматын «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады. Бұдан бөлек, атаулы мерекеге орай аудан орталығы Темірлан елді мекенінде жаңадан бой көтерген тұрғын үйден көпбалалы және аз қамтылған 20 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді.  width= Іс-шара ҚР эстрада жұлдыздарының мерекелік шеруімен жалғасты. Ал тарихы тереңінен сыр шерткен сахналық қойылым Ордабасы жерінің бар қасиеті мен киесін паш етті. Аттың құлағында ойнаған жігіттер, күміс көмей әншілер, күйшілер мен бишілер де бұл тойда аянып қалмады. «Ән мен әнші» эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы мерекенің шырайын ашып, Ордабасы жұртшылығына керемет көңіл-күй сыйлады. Ордабасылықтардың дүркіреткен бұл тойы мерекелік отшашумен аяқталды.  

Серіктес жаңалықтары