26 Қазан, 20:45 345 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Президент Ольга Рыпакованы құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Twitter парақшасында Бүкіләлемдік әскери ойындарда алтын медальді жеңіп алған жеңіл атлет Ольга Рыпакованы құттықтады. 

«Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі, биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың,тек алға!» - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, кеше Бүкіләлемдік әскери ойындарында Ольга Рыпакова жеңімпаз атанған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар