Салмақ өлшеу рәсімі: Қанат Ислам қарсыласынан жеңілдеу болып шықты

Салмақ өлшеу рәсімі: Қанат Ислам қарсыласынан жеңілдеу болып шықты

Салмақ өлшеу рәсімі: Қанат Ислам қарсыласынан жеңілдеу болып шықты
ашық дереккөзі
287
Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам ертеңгі жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Qazaq атымен танылған отандасымыз мансабындағы 27-ші жекпе-жегіне шығады. Қарсыласы - Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО). 34 жастағы боксшы Намибия елінен келген. 2018 жылы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) қолғап түйістірген. 119-105, 120-104, 120-104 есебімен америкалық боксшыға есе жіберіп, алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татқан. Осы жылдың мамыр айында малавилік боксшы Симон Тшетаны нокаутпен жеңген. Қанаттың салмағы қарсыласынан жеңілдеу болып шықты. Уолтер 71,950 келі болса, Қанаттың салмағы 71, 900 келіні көрсетті. Қанат Ислам мен Уолтер Каутондоква арасындағы жекпе-жек кеші ертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. Эфирге 19:00-ден бастап шығады.

Серіктес жаңалықтары